Катонқарағай аудандық соты бір күнде сот медиациясын қолдану арқылы 3 азаматтық істі аяқтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай аудандық соты медиация институтын дамыту үшін мақсатты түрде жұмыс жүргізуде. Мемлекет басшысы 2013 жылы қарашада Судьялардың VI съезінде сотқа дейінгі даулар институтын кеңінен енгізу жөнінде тапсырма бергені белгілі.

Аудандық соттың белсенді  жұмысының нәтижесінде аумақтық кәсіби емес медиаторлардың саны 5-тен 62-ге дейін артты. Соттан тыс  бойынша  мамандандыру енгізілді. Кәсіби емес медиаторлардың ресми тізілімі жасалып, аудандық әкімдік пен аудандық соттың ресми сайттарына орналастырылды.

Медиатордың көмегімен сот даулары  бойынша шешімін тапқан істердің саны көбейіп,  жақсы нәтижесін көрсетуде.             

Атап айтқанда, Катонқарағай аудандық сотының судьясы К.М.Садуақасова медиация тәртібі бойынша дауларды реттеу туралы  тараптардың келісімдерін бекітіп, бір күнде 3 азаматтық істі аяқтады.

Сонымен қатар, аудан тұрғындарының дауларды соттан тыс шешулеріне қызығушылықтарының артуы, дауласушы тараптардың бітімгершілік рәсімдерін жүргізу бойынша кәсіби емес медиаторлар деңгейінің жоғарылауы да анық байқалады. 

Источник: 
Шығыс Қазақстан облысының баспасөз қызметі