7-қысқы Азиялық ойындарын ұйымдастыру комитетінің бұрынғы басшысы сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Алматы қаласы Медеу аудандық сотында «2011 жылғы 7- қысқы Азиялық ойындарын ұйымдастыру комитетінің Атқару дирекциясы" АҚ-ның Ақпараттық қамсыздандыру департаментінің телерадиохабар және  медиатехнологиялар басқармасының бұрынғы бастығы Айдар Мусинге   қатысты үкім шығарылды.

Айдар Мусин 2009 жылы тамыз айында өз туысқандарының атына «Алматы қаласындағы Халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінің» телекоммуникация жүйесін жобалаушы және тиісті құрылғылармен жабдықтаушы ретінде  компанияны тіркеген.

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының үкімімен Мусин Айдар Қазақстан Республикасының ҚК-нің 177-бабының  3-бөлігінің «б», «г»  тармақтарымен (Алаяқтық), 310-бабының  1-бөлігімен ( кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу), 192-1 бабымен  (Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле жасасуы) кінәлі деп танылып, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан 4 жылға айырыла отырып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі