Баласының көше кезуіне жол берген анаға айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  алты жасар ұлын түн жарымында заңды өкілісіз көшеде жүруіне жол берген, Орал қаласының 32 жастағы тұрғынына қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында жасөспірімнің үш жасынан бастап әжесімен тұратындығы анықталды. Сонымен бірге баланың анасы оны асырауға жағдайы болмағандықтан, ұлының әжесімен тұруына келісім берген.   Қазіргі уақытта басқа ер адаммен тұратынын, бірақ жолдасы кәмелетке толмаған баланы  қабылдамағанын, жаңа отбасында орын жоғын айтып, өз баласынан бас тартатынын көрсетті.

Сот кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілін ӘҚБтК 336-4 баының 2 бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 9 260 теңге көлемінде  әкімшілік айыппұл салу жазасын тағайындады.

Алдағы уақытта  құқық бұзушыны  ата – аналық құқығынан айыру мәселесін қамқоршылық органдары шешетін болады.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі