Қарақшылар жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2014 жылғы 1 маусымда Сарыағаш қаласында орын алған адам өлтіру фактісіне қатысты ісіне қатысты үкім шықты.

Сотталушылар Т.Қарахметов, А.Доланбаев және Б.Әбілдаханов валюта айырбастаумен айналысатын жеке кәсіпкер Б.Ташметовты «45000 АҚШ долларын теңгеге ауыстырамыз» деп алдап,кездесуге шақырған.Б.Ташметов олардың ақшаларын ауыстырып беруге келісіп, белгіленген жерге келген кезінде сотталушылароған қарақшылық шабуыл жасап, атыс қаруымен оқ атып, жәбірленушіге ауыр дене жарақатын салған. Осыдан кейін сотталушылар жәбірленушіге тиесілі 8 385650 теңгені иемденіп, оқиға болған жерден бой тасалаған, ал жәбірленуші алған ауыр дене жарақаттарынан қаза болған.

Сот үкімімен ҚР ҚК-нің 179-бабы 4-бөлігінің «б» тармағымен және 96-бабы 2-бөлігінің «ж,з» тармақтарымен айыпталған сотталушы Т.Қарахметов 19 жылға, ал А.Доланбаев пен Б.Әбілдаханов 20 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

 Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі