Құрманғазы мен Пушкинге арналған постердің авторларына қатысты шешім өзгеріссіз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін  Алматы қалалық сотының апелляциялық сатысы композитор С.Құрманғазы мен ақын А.Пушкиннің сүйісіп тұрған кейпін бейнелеген постерді жасаған тұлғаларға қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс материалдарын зерделей келе, сот аталған постерді жасаған «Havas Worldwide Kazakhstan» жарнама агенттігі әрекетінде Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған жарнаманы шығарып, таратып, орналастыруға  байланысты құқықбұзушылық құрамы бар екендігін анықтады.

Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасының қаулысына сәйкес, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысы өзгеріссіз қалдырылды, яғни «Havas Worldwide Kazakhstan» жарнама агенттігі мен оның  басшысы  Д.Хамитжанова Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұушылық 349-бабының 1 бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 170 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге тиісті.

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі