Азамат А.Цукановқа рұқсат берілмеген митинг ұйымдастырғаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 373-бабының 1-бөлігі (жиналыстар, митингiлер, шерулер, тосқауылдар, демонстрациялар не өзге де көпшiлiк iс-шараларын ұйымдастыру немесе өткiзу тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу) бойынша Цуканов Андрей Борисовичке қатысты әкімшілік істі қарады.

2014 жылғы 11 тамыз күні А. Цуканов Алматы қаласының Республика алаңы мен Сәтпаев көшелерінің  қиылысында орналасқан Алматы қаласы әкімдігінің алдындағы шеруді өткізуге қатысқан. Аталған іс-шараны өткізуге қала әкімдігі рұқсат бермеген. Бұл жөнінде митинг барысында А.Цукановқа ескертілген. Бұған қоса, оған  бейбiт жиналыстар, тосқауылдар, митингтер мен демонстрациялар өткізудің тәртібі туралы заңнама талаптары, сондай-ақ оларды ұйымдастырудың тәртібін сақтамағаны үшін жауапкершілік көзделетіні түсіндірілген. А.Цуканов митингті тоқтату туралы талапқа қарамастан өз әрекетін жалғастыра берген.

Әкімшілік соттың қаулысымен құқық бұзушы А.Б. Цуканов ҚР ӘҚБтК-нің 373-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 18 (он егіз) айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қайнар: 
Алматы қаласының баспасөз қызметі