Семей қалалық сотында мемлекеттік баж төлеу терминалы орнатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сотқа келушілер үшін тиісті жағдай жасау Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық сотының негізгі мақсаты болып табылады.

Қалалық соттың ғимаратында  «Ресей Жинақ банкі» АҚ еншілес банкімен бірлесіп, мемлекеттік бажды және басқа да төлемдерді төлеу терминалы орнатылды.

Тұрақты түрде консультативті көмек көрсету үшін терминалға арнайы банк маманы бекітілген. Енді мемлекеттік бажды сот ғимаратынан шықпай-ақ төлеуге болады.

Сотқа келушілердің пікірі бойынша, бұл жоба уақытты үнемдеп, атқару парағының, сот актілерінің көшірмелерін алуға, мемлекет пайдасына өндірілген сомаларды төлеуге тиімді.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі