Банк

Жоғарғы Сотта банктік заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері талқыланды

16/06/2017

Бүгін Жоғарғы Соттың ұйымдастыруымен Бас прокуратураның бастамасымен қолға алынған «Әділеттілік – құқықтық қорғаудың негізгі критериі» атты бірлескен жобаны жүзеге асыру аясында «Банктік заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері» атты «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары,  Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Ұлттық Банк пен екінші деңгейлі банктердің, «Атемекен» ҰКП мен Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының өкілдері қатысты.

Қызылордада сот банктік несие жайлы шартті ішінара заңсыз деп таныды

07/04/2017

Қызылорда қалалық  сотына талап Б.-ның жауапкер Банкке несие шартын ішінара заңсыз деп тану, ұсталған ақша сомасын талапкердің пайдасына өндіру туралы талап қою арызын түсірді.

Б. өз талап қою арызында банкпен несие шартын жасасқанын, ай сайынғы мерзімде қарыз сомасын төлеп тұрғандығын көрсетті. Несие шартының 3.b тармағын, атап айтқанда, банктік қызмет көрсету үшін алынатын сомалар бөлігінің дұрыс емес екендігін айтып,  шартты ішінара заңсыз деп тануды және ұсталған соманы өндіруді сұрады.

Павлодарда сот қарыз шотын жүргізгені үшін комиссия алу бойынша Банктің әрекетін заңсыз деп таныды

28/02/2017

Талапкер банктік қарыз шартының қарыз шотын жүргізгені үшін  Банкпен берілген қарыз соммасынан 0,5 % мөлшеріндегі ай сайынғы комиссияны өндіріп алу  туралы шарттарын қолданыстағы банктік қызмет саласындағы заңнама талаптарына, сонымен бірге азаматтық  заңнамалардың  нормаларына қайшы келуіне орай жарамсыз болып табылатынына сене отырып Банкқа деген талап арызымен сотқа жүгінді.

Ақтауда сот банктің комиссия есептеу әрекеті заңсыз деп танылты

21/02/2017

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер Л-ның  жауапкер екінші дәрежелі банктің несие беру шартындағы 8.3 тармағын заңсыз деп тану, ақшаны және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта талапкер мен жауапкер арасында 3 000 000 теңге банктік несие беру шарты жасақталып, шарттың 8.3 тармағында банктік несие рәсімдеу қызметтерін көрсетуге байланысты берілетін несие сомасынан 0,3% комиссия ұстап қалу көзделгені анықталды.

Ақтауда сот орындаушысының әрекеті заңсыз деп танылып, зейнеткердің құқығы қорғалды

08/02/2017

Ақтау қаласының № 2 сотына талапкер И-дің Ақтау қаласының жеке сот орындаушысы А.-ның атқару өндірісін заңсыз деп тану, екінші деңгейлі банктің зейнетақы төлем карточкасын бұғаттау және зейнетақы төлемін ұстап қалу  әрекетін заңсыз деп тану, моральдық өтемақы өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сот отырысы барысында жеке сот орындаушысының өндірісінде зейнеткерге қатысты атқару құжаттарының бар екені анықталды.  

Сот Банктің заңсыз пайда табуына жол бермеді

03/11/2016

Ақтау қаласы №2 сотында Банктің жауапкерлер – жеке тұлғалардан несие келісім шарты бойынша негізгі қарыз - 6 982 192, 33 теңге, индексация сомасы – 11 409 403,66 теңге, барлығы- 18 391 595,99 теңге өндіру туралы шағымы қаралды.

Сот отырысы барысында, Банк тарапынан жеке тұлғаларға 21 905 000 теңге несие сомасы 13% жылдық сыйақы есебімен 120 айлық мерзімге қарызға берілгені анықталды.  

Банк пен Заемшылардың арасындағы несие беру шарты бойынша ай сайынғы төлем АҚШ валютасының баламасына таңылып жүргізілу көрсетілген.

Қостанайда сот сауда-саттықты заңсыз деп танып, пәтерді иесіне қайтару туралы шешім шығарды

19/11/2015

Қостанай қалалық соты азаматша Р-ның «ЦеснаБанк» АҚ-ға қатысты шағымы бойынша азаматтық істі қарады.

Азаматтық іс материалдары бойынша, 2012 жылғы 5 қазанда азаматша Р. аталған банктен 3 млн. теңге көлемінде несие алған. Алған несиені қайтару бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін тараптар арасында пәтерді кепілдікке қою туралы шарт жасалған.

Семей қалалық сотында мемлекеттік баж төлеу терминалы орнатылды

16/10/2014

Сотқа келушілер үшін тиісті жағдай жасау Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық сотының негізгі мақсаты болып табылады.

Қалалық соттың ғимаратында  «Ресей Жинақ банкі» АҚ еншілес банкімен бірлесіп, мемлекеттік бажды және басқа да төлемдерді төлеу терминалы орнатылды.

Тұрақты түрде консультативті көмек көрсету үшін терминалға арнайы банк маманы бекітілген. Енді мемлекеттік бажды сот ғимаратынан шықпай-ақ төлеуге болады.