Ақтауда сот банктің комиссия есептеу әрекеті заңсыз деп танылты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер Л-ның  жауапкер екінші дәрежелі банктің несие беру шартындағы 8.3 тармағын заңсыз деп тану, ақшаны және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта талапкер мен жауапкер арасында 3 000 000 теңге банктік несие беру шарты жасақталып, шарттың 8.3 тармағында банктік несие рәсімдеу қызметтерін көрсетуге байланысты берілетін несие сомасынан 0,3% комиссия ұстап қалу көзделгені анықталды.

 Қазақстан Республикасының «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Заңының 6-бабына сәйкес банк шоты – банк пен клиент арасындағы ақша қабылдау және (немесе) клиентке банктік қызмет көрсету жөніндегі шарттық қатынастарды көрсету тәсілі; банк шоттары жеке және заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлімшелерінің ағымдағы және жинақ шоттары, сондай-ақ банктердің корреспонденттік шоттары болып бөлінеді; осы баптың 2-1 тармағында аталған операцияларды жүргізуге болмайтын шоттар, сондай-ақ банктердегі бухгалтерлік есептің позицияларын көрсететін шоттар, баланстық шоттардың құрамдас бөліктері болып табылатын жеке шоттар (қосалқы позициялар), соның ішінде несие шоттары банк шоттары болып табылмайды.

Несие шоттарын ашу және жүргізу қызметін бөлек банк операциясы деп есептеуге болмайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 09.02.2012 жылғы актісіне сай, банктердің несие алушылардан банктік қарызға көмек көрсетуге байланысты қызметтер үшін комиссия есептеу әрекеттері заңсыз және тоқтатылуға жатады деп белгіленген.

ҚР Азаматтық кодексінің 158-бабының талаптарында көрсетілгендей мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ құқықтық тәртiп негiздерiне немесе адамгершiлiкке көрiнеу қайшы келетiн мақсатпен жасалған мәмiле жарамсыз болады.

Сондықтан талапкер Л-ның  талаптары қанағаттандырылып, банктің қарыз беру шартының 8.3 тармағы заңсыз деп танылып, жауапкерден комиссия ретінде төленген 99 000 теңге және сот шығындары талапкердің пайдасына өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі