Ақтауда сот Банктен негізсіз екі миллион теңгеден астам ұсталған комиссияны өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотына талапкер Д. Банкке несие шартының 4.3-тармағын жарамсыз деп тану, ақша сомасын және сот шығынын өндіру туралы шағым түсірді.

Сотта анықталғандай, жауапкермен несие беру қызметі үшін комиссия негізсіз ұсталған.

Несие шотын ашу және жүргізу несие алушының емес, заң талабы бойынша екінші деңгейдегі банктердің міндеті болып табылады. Несие шоты несие алушының алған несие бойынша қарызын көрсету мақсатына арналған және ақша қаражатын бухгалтерлік есептеу тәсілі болып табылады және есептесу операциясына жатпайды. Несие шоты банктік шот болып табылмайды. Бұндай шотты ашу және жүргізуді банктік жеке-дара операция деп санауға болмайды.

Сонымен бірге, талапкердің жарамсыз деп тануды сұрап отырған шарттың бөлігі заң талаптарына сай келмейтіндігі заң нормаларымен және ҚР Ұлттық Банкінің 2012 жылғы 9 ақпандағы актісімен белгіленген, онда несие алушылардан комиссия ұстау бойынша банктің әрекеттері заңсыз және жедел тоқтатылуға жататыны көрсетілген.

Сот істің мән-жайын зерделей келе, талапкердің талабын қанағаттандырып, Банктен талапкердің пайдасына негізсіз комиссия ретінде ұсталған 2 212 500 теңгені өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі