Қостанай облыстық соты медиация жүргізу нәтижесінде банктік несие бойынша қарызды 21 миллион теңге төмендетті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотына Банк азаматша Н-ға банктік несие беру туралы екі келісім-шарт негізінде 37 870 656 теңге қарызын өтеу туралы шағымымен жүгінді. Несие доллар түрінде алынған. Азаматшаның негізгі қарызы 16 млн. теңгені құраған, ал 21 млн. теңге қарызды уақытылы төлемегендіктен қосылған үстемақы соммасы.

Жауапкер науқастануына байланысты сот отырысына келе алмады: ол Ресей Федерациясында ем қабылдауда екен. Сотқа оның өкілі ретінде қызы қатысты. Екі несиені де қаржылық қиындықтар салдарынан төлеуді тоқтатқан.

Облыстық сотта тараптар дауды судья медиатордың көмегімен медиация тәртібімен реттеу туралы тілек білдірген. Нәтижесінде, соттың ұйғарымымен дауды сот медиациясымен реттеу туралы келісім бекітіліп, оның шарттары бойынша банк несиеге қосылған үстемақы соммасынан бас тартты.

Н. банктің шағымы бойынша 51,5 мың АҚШ доллары, яғни, 16,5 млн. теңге мөлшеріндегі негізгі қарыз соммасын мойындады.

Осылайша, банктік қарық шарттарынан туындайтын дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы аясында жүргізілген медиация нәтижесінде азаматшаның қарыз соммасы 38 млн. теңгеден 16,5 млн. теңгеге дейін азайтылды.

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі