Ақтөбеде атқарушылық іс жүргізу мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында оқу орталығының ұйымдастыруымен «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері. Проблемалары мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оған қалалық  және  мамандандырылған соттардың төрағалары мен судьялары, облыстық соттың судьялары, Ақтөбе қаласы прокуратурасының, Ақтөбе облысы Сот актілерін орындау департаментінің қызметкерлері,  жеке сот орындаушылары, банк пен БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде қатысушылар облыс соттарының сот актілерін орындаумен байланысты істер мен материалдарды, сот орындаушыларының ұсынымдарын қараудың және сот орындаушыларының қаулыларына санкция берудің, борышкерлердің кепілдегі мүліктерінен өндіру бойынша өзекті мәселелерді талқыға салды. 

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша судьяларға сот орындаушыларының ұсынымдарын уақытында қарау, өз кезегінде сот орындаушыларына сот актілерін орындаудан жалтарға адамдарға қатысты ықпал ету шараларын күшейту ұсынылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығуды шектеу, автокөлікті уақытша сақтауға қою және ішкі істер органдарымен бірлесіп, сот актілерін орындау үшін жұмысты жандандыру секілді әдістерді пайдалануға кеңес берілді. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі