Жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық сотында «Жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Осы шараға прокуратура, ішкі істер органдарының қызметкерлері, сот орындаушылары, салық және әділет басқармаларының қызметкерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді ашық деп жариялаған судья Динара Дайырова, жаңа әкімшілік кодексте әкімшілік істі қарау рәсімдерінің елеулі өзгергенін, әкімшілік іс жүргізу жеңілдетілгенін, айыппұл төлеуде ынталандыру механизмі енгізілгенін, сондай-ақ әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жаза қолданылатын адамдар үшін әкімшілік құқық бұзушылық құрамы қысқартылғанын атап өтті.

Әкімшілік заңнама  ізгілендірілуде. Ескерту түріндегі әкімшілік жаза жеті пайызға өскен, шағын бизнес субьектілері мен жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері екі есе азайтылған.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы сияқты әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасы толық алынып тасталған.

Негізгі жаңалықтарға тоқтала отырып, жиналғандар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды тұлғаның) әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым  жасау бойынша жаңа Кодексте бөлек 44-тарау көзделгенін де атап өтті.

Сонымен бірге дөңгелек үстелге қатысушылар соттардың,  құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың жаңартылған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің ережелерін құқық қолдану практикасында   қолданылуын талқылады.

Іс-шараның қорытындысы бойынша  әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша бірыңғай құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы жөнінде ортақ шаралар әзірленді.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі