Жоғарғы Сотта судьяларды қашықтықтан оқыту жалғастырылуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жергілікті соттардың судьяларын 2015 жылдың І-жартыжылдығында қашықтықтан оқыту және судьялардың біліктілігін арттыру бағдарламасы шеңберінде Жоғарғы Сот судьяларын жаппай қайта оқыту жалғасуда.

Білім беру іс-шарасындағы нысандардың бірі бейнедәрістер өткізу арқылы судьяларды қашықтан оқыту болып табылады. Қашықтан оқыту технологиясы  судьялардың уақытын үнемдеуге, барынша көптеген тыңдаушыларды тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқуға жұмсалатын материалдық шығынды азайтады.

Бейнеконференцбайланыс арқылы облыстық және оған теңестірілген соттармен «Сот шешiн орындау кезiндегi сот орындаушысының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау» тақырыбында бейнедәріс өтті.

Дәрісті Жоғарғы Сот судьялары М.В. Одинцова мен Н.О. Сисенова оқыды.

Осы бейнедәрісте Жоғарғы Сот судьялары сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне шағымдануға байланысты істерді қараудың негізгі мәселелерін түсіндірді. Олар аталған санаттағы істер бойынша 2014 жылы өткізілген қорытудың нәтижелері, жергілікті соттарда соттылықты анықтау бойынша біркелкі практиканың жоқ екендігі, шағымдар мен өтініштерді беру мерзімдерін қолдану, мүлікті бағалауға байланысты дауларды қарау жөніндегі мәселелерді шешкен кезде заңнаманы қолдану туралы айтып берді. Жергілікті соттар судьяларының назарына жоғарыда аталған қорытудың нәтижелері бойынша 2015 жылы өткізілген өңірлік семинарлар қорытындыларына сәйкес Жоғарғы Сот әзірлеген аталған санатағы істерді қарау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды жеткізді.

 Жергілікті соттардың судьялары онлайн-режимде аталған санаттағы істерді қарауда материалдық және процестік заңды қолдану жөніндегі сұрақтарға жауап алды.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі