Жамбыл облыстық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық процесстік кодекстерінің жаңашылықтары талқыланды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылғы 31 қазанда Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәжіліс залында «Қылмыстық және қылмыстық процесстік  заңнамалардың новеллалары» тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрайымы Ғазиза Мұсабекова, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ішкі істер департаментінің, прокуратура, адвокатура, қылмыстық атқару жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің шеңберінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық, Қылмыстық процесстік кодекстердегі өзгерістер мен осы жаңа заңдарды құқықтық тәжірибеде қолдану бойынша мәселелерді талқылады.

Басты назар жаңа қылмыстық құқық институттарының дамуы, тергеу судьясы, процесс прокуроры, процестік келісіммен бітіру, сондай-ақ қылмыстық теріс қылық ерекшеліктері туралы заңдарға аударылды.

Дөңгелек үстел соңында ұйымдастырушылар осындай жиындардың қызметте тәжірибе алмасуға зор септігін тигізетінін аттап өтті.

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.