Астанада ювеналдық әділет және сот төрелігі мәселелері бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін «Қазақстан Республикасында сот төрелігін балаларға достық ілтипатпен дамыту» тақырыбында өткенхалықаралық конференция шеңберіндеювеналдық әділет және сот төрелігі мәселелері бойынша семинар өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жәнеБҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырды.

Семинарға кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот, прокуратура, ішкі істер органдарының өкілдері, қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

Іс-шараның мақсаты ювеналдық әділет саласындағыхалықаралық стандарттармен және озық тәжірибелерментаныстыру, Қазақстандағы кәмелетке толмағандарғақатысты сот төрелігі тәжірибесін талқылау, балаларға арналған баламалы сот төрелігініңбаламалы жаңа құралдарын іздеу болып табылады.

Семинар барысында халықаралық сарапшылар Қазақстандағы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау әлемдегі озықтыңтәжірибелердің бірі болып табылатынын атап өтті.Бұл балаларға қатысты сөт төрелігін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мамандандырылған ювенальды соттардың құрылғанымен байланысты болып табылады.

Іс-шараның қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты слт төрелігін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірленді.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі