сот төрелігі

Сот төрелігі академиясы судьялар мен магистранттар үшін тренинг өткізді

19/04/2017

Сот төрелігі академиясының Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы Жоғарғы Соттың жанындағы Халықаралық кеңестің ұсынымына сәйкес сот білімі бағдарламасы бойынша курс тыңдаушылары – аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, сондай-ақ, магистранттар үшін тренинг өткізді.

Тренинг процестік құжаттар мен олардың уәждемесін әзірлей отырып модельдік істер бойынша сот процесін қойылымдық негізде рөлдік ойындар түрінде өткізудің шетелдік тәжірибесіне негізделіп өткізілді.

Ақтөбе облыстық сотының судьялары сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстарының қорытындыларын жариялады

27/04/2016

«Ақтөбе ақпараттық орталығында» өткізілген брифингте облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқа төрағасы Нұрсапа Примашев, облыстық соттың судьясы Нұрила Сатыбалдина, Соттар әкімшісінің басшысы Әсет Мамбетов журналистерге облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру бойынша 2016 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстарының қорытындысын жариялады.  

Жоғарғы Сотта қылмыстық істер жөніндегі сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері талқыланды

10/12/2015

Бүгін Жоғарғы Сотта сот ісін жүргізудің жаңа үш деңгейлі моделі шеңберінде қылмыстық істер жөніндегі сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері бойынша семинар өтті. Іс-шараны Жоғарғы Сот Дүниежүзілік Банктің қолдауымен «Қазақстан Республикасының сот төрелігі секторын институционалдық нығайту» жобасының шеңберінде ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәми Бүкіләлемдік Банктің жобасы басшысы Амит Мукерджимен кездесті

18/05/2015

Бүгін  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің Бүкіләлемдік Банктің жобасы басшысы Амит Мукерджимен кездесуі болып өтті.

Кездесуде Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасының ағымдағы орындалу барысы талқыланды.

Жобаның мақсаты мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін негізгі құқықтық механизмді жақсарту, сондай-ақ Қазақстандағы сот төрелігі қызметінің тиімділігін, ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету

16/04/2015

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. Осы іс-шараға судьялар, республикалық және жергілікті баспасөз құралдарының өкілдері қатысты.

Астанада ювеналдық әділет және сот төрелігі мәселелері бойынша семинар өтті

31/10/2014

Бүгін «Қазақстан Республикасында сот төрелігін балаларға достық ілтипатпен дамыту» тақырыбында өткенхалықаралық конференция шеңберіндеювеналдық әділет және сот төрелігі мәселелері бойынша семинар өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жәнеБҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырды.

Семинарға кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот, прокуратура, ішкі істер органдарының өкілдері, қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында екі күндік тренинг өз жұмысын бастады

21/10/2014

«Мені отбасында әйелдер мен балаларға тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету жайттарының көбеюі алаңдатады. Әйелді құрметтемеу деген болмау керек. Бірден айтайын, ондай зорлық-зомбылықтың жолы қатаң түрде кесілуі тиіс»

Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстан-2050» стратегиясы

Беттер