БҚО сотында әкімшілік құқықтық тақырыпта семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Батыс Қазақстан облысының сотында облыстық, қалалық және аудандық соттардың судьяларының қатысуымен әкімшілік-құқықтық тақырыпта семинар өтті.

Семинар жұмысын алғы сөзбен облыстық азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы міндетін атқарушы Х.Х.Аманқұлов ашты.

 «Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында Зеленов аудандық сотының судьясы  А.Бекталиева баяндама жасады.

 «Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» мәселесі бойынша № 2 Теректі аудандық сотының судьясы Е.Г. Османов сөз сөйледі.   

Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың қолданылуына қатысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары талқыланды.

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары Р.Сариева мен Қ.Махметов өз баяндамаларында жаңа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жекелеген тарауларына тоқталып өтті.

Семинар соңында талқыланған мәселелер, қорытындыланып, тиісті ұсынымдар жасалды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі