Архив событий

20/11/2014

Сыбайласқа жемқорлықпен күрес – Жамбыл облыстық сотының күн тәртібінде

20/11/2014

Жамбыл облыстық сотының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы жиын өткізді.

Жиынның негізгі мақсаты сот саласы мен құқық қорғау өкілдерінің жұмысына байланысты «Нұр-Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылау болды.

Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрайымы Ғазиза Мұсабекова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жемқорлықпен күресу шараларына басты назар салып отырғанын айтып өтті.

Ақтөбеде ауыр қылмыс бойынша үкім жарияланды

20/11/2014

Бүгін Ақтөбе қалалық №2 сотында ҚР ҚК-нің 103-бабының 3-бөлігі, 257-бабының 1-бөлігімен айыпталған Ж.Қуанышқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек,2014 жылдың мамыр айында Ж.Қуаныш Р.Досалиевпен төбелес барысында жәбірленушіге қарай травматикалық тапаншаданбірнеше рет оқ жаудырған. Ж. Қуанышавтокөлігінен қару ретінде қол шоқпарды алып, жәбірленушінің басынан соққы келтіру нәтижесінде жәбірленуші Р.Досалиев алған жарақаттанкөз жұмған.

Диспетчердің ісі кассациялық алқада қаралды

20/11/2014

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының қаулысымен «Казаэронавигация» РМК Шымкент филиалының диспетчері Қ.Ақылбековке қатысты шығарылған Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының үкімі мен қаулысы өзгеріссіз қалдырылды.

Қызылорда облысының бұрынғы полиция қызметкері 12 жылға сотталды

20/11/2014

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таныс қызын тұншықтырып, денесін суға лақтырып жіберген бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты айыптау үкімін шығарды. 

Сот тергеуінде ол жәбірленуші қызбен бұрыннан таныс екендігін, онымен жақын қарым-қатынаста болғанын, қайта-қайта ақша сұрап, бопсалағанын айтты. Ол жанұясын біліп қоймауы үшін қызбен араласуды қойған.

Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін толық мойындап, қайтыс болған қыздың ата-анасынан кешірім сұрады.