Ақтөбеде ауыр қылмыс бойынша үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе қалалық №2 сотында ҚР ҚК-нің 103-бабының 3-бөлігі, 257-бабының 1-бөлігімен айыпталған Ж.Қуанышқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек,2014 жылдың мамыр айында Ж.Қуаныш Р.Досалиевпен төбелес барысында жәбірленушіге қарай травматикалық тапаншаданбірнеше рет оқ жаудырған. Ж. Қуанышавтокөлігінен қару ретінде қол шоқпарды алып, жәбірленушінің басынан соққы келтіру нәтижесінде жәбірленуші Р.Досалиев алған жарақаттанкөз жұмған.

Сот үкіміменЖ.Қуаныш бұзақылық жасаған және абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын жасағаны үшінкінәлі деп танылып, оған жалпы режимдегі түзеу колониясында 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасытағайындалды.

Жәбірленушінінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, оның 603 455 теңге көлемінде тартқанматериалдық, 3 млн. теңге  келтірген моральдық зиян өндірілді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі