Архив событий

05/11/2014

3 адамның өліміне кінәлі жүргізуші сотталды

05/11/2014

Бүгін Алматы облысының Ақсу аудандық сотында сотталушы көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзып, адамның өліміне әкеп соқтырған И.Жуковқа қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Азамат И.Жуков «Ауди-100» маркалы автокөлігімен «Талдықорған-Лепсі» тас жолының оңтүстік бағытын бетке алып келе жатып, қарама-қарсы келе жатқан «Mitsubisi Delica» автокөлігімен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасының салдарынан үш адам қайтыс болып, екі адам әртүрлі жарақат алған.