Архив событий

27/11/2014

Ақтөбеде жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

27/11/2014

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында облыстық сот судьяларының жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қарашадағы Жарлығымен жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды.

Аталмыш жиынға облыстық сот төрағасы Ерлан Айтжанов, облыстық сот судьялары мен мамандары, қалалық және мамандандырылған соттың төрағалары, адвокатура, құқық қорғау органдарының және БАҚ өкілдері қатысты.