Архив событий

25/11/2014

Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдік сотталды

25/11/2014

Бүгін Беларусь Республикасының азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сотта анық болғандай, шетелдік азамат құжатсыз және тиісті рұқсатсыз Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Қамысты ауылдық округінен қашық емес жердегі Қазақстан шекарасынан заңсыз өткен.

Сот отырысында сотталушы Ресей қалаларынан өтіп, Волгоградқа жеткенін, картадан Қазақстанға дейінгі кысқа жолды белгілегенін, шіркеуге жұмысқа орналасуға келгенін айтты.

Семейде бюджеттік қаржыны ұрлаған шенеунік сотталды

25/11/2014

№2 Семей қалалық сотының үкімімен мемлекеттік коммуналдық мекеме басшысының міндетін атқарушы Жұртыбаев К. 5 жылға бас бостандығынан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда басшылық қызметте болу құқығынан 3 жылға айырылып, ҚР ҚК-нің 63-бабына сәйкес 2 жылға шартты түрде сотталды. Сотталушы өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік мақсатта бір неше реет жемқорлық қылмыс жасаған. Айталық, жұмысқа қабылдауда жалған бұйрық бере отырып, келісім-шарт жасаған, ол жалған тұлғаны ақпараттық жұмыс уақытының есеп табелінде бекіткен.

Өміряевтің адвокатының апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды

25/11/2014

Бүгін Астана қалалық соты 2014 жылғы 16 қазанда, мамандандырылған ауданаралық қалмыстық істер жөніндегі сотының шығарылған үкіміне бұрынғы ауыл шаруашылығының вице-министрі Мүслім Өміряевтің адвокаты жасады апеляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Жоғарыда көрсетілген үкімге сәйкес Мүслім Өміряев ҚР-ның 311-бабының 5-бөлігі бойынша, яғни пара алуда кінәлі болып табылды.

Сот Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін бұзған шетелдіктерге қатысты 128 іс қарады

25/11/2014

Ақмола облысының Шортанды аудандық соты ағымдағы жыл басынан бері Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 25 тарауында көзделген, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық деректері бойынша 128 әкімшілік іс қараған. Сот тәртіп бұзғандардың ешқайсысын да жазасыз қалдырмаған, оларға 2 әкімшілік айыппұл және 126 әкімшілік қамау жазасы тағайындалған.