Диспетчердің ісі кассациялық алқада қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының қаулысымен «Казаэронавигация» РМК Шымкент филиалының диспетчері Қ.Ақылбековке қатысты шығарылған Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының үкімі мен қаулысы өзгеріссіз қалдырылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Шымкент қаласының Абай аудандық сотының 2014 жылғы 28 сәуірдегі үкіміне сай Қ.Ақылбеков Қазақстан Республикасы ҚК-нің 295-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға дейін әуе-көлік авиациясында диспетчер қызметімен айналысу құқығынан және 6 жыл бас бостандығынан айыру, жазасын қоныс колониясында өтеу түріндегі жаза тағайындалған болатын.

2014 жылғы 27 маусымда Қ.Ақылбековтың ісі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында қаралған болатын. Апелляциялық сот алқасының қаулысымен аудандық соттың үкімі өзгертіліп, 6 жыл бас бостандығынан айыруға тағайындалған жаза 4 жылға дейін төмендетіліп, үкімнің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылған болатын.

Қаулы заңды күшіне енген.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі