Қызылорда облысының бұрынғы полиция қызметкері 12 жылға сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таныс қызын тұншықтырып, денесін суға лақтырып жіберген бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты айыптау үкімін шығарды. 

Сот тергеуінде ол жәбірленуші қызбен бұрыннан таныс екендігін, онымен жақын қарым-қатынаста болғанын, қайта-қайта ақша сұрап, бопсалағанын айтты. Ол жанұясын біліп қоймауы үшін қызбен араласуды қойған.

Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін толық мойындап, қайтыс болған қыздың ата-анасынан кешірім сұрады.

Қыздың мәйіті орын алған оқиғадан 3 күн өткен сон табылды.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтiру) кінәлі деп танып, оны 12 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуді белгіледі. Бұдан басқа, оны полиция майоры шенінен айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі