Сыбайласқа жемқорлықпен күрес – Жамбыл облыстық сотының күн тәртібінде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық сотының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы жиын өткізді.

Жиынның негізгі мақсаты сот саласы мен құқық қорғау өкілдерінің жұмысына байланысты «Нұр-Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылау болды.

Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрайымы Ғазиза Мұсабекова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жемқорлықпен күресу шараларына басты назар салып отырғанын айтып өтті.

«Аталған бағдарлама қоғам мен мемлекеттің күшін біріктіріп, сыбайлас жемқорлыққа шаралар қолдануға бағытталған маңызды саяси құжат болып табылады. Бұл бағдарламада осы әлеуметтік мәселен күресудің жолдары көрсетілген.

Ғ.Мұсабекова еңбек тәртібіні мүлтіксіз сақтау судьялар мен мемлекеттік қызметшілер арасында процессуалдық байланысқа жол бермеу және жеңілдетілген сот тәртібінде істерді қарастырудың мүмкіндігін қолдану міндеттерін орындаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, жергілікті қоғамдық мекемелердің өкілдерімен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігіне тоқталды.

- Біздің жұмыс жүйелі түрде болу керек. Комиссия мүшелеріне семинарлар, азаматтарды қабылдау күндерін, бағдарламаның негізгі қағидаттарын, сондай-ақ облыстық соттың сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмыстарының жоспарын түсіндіру үшін баспасөз мәжілістерін өткізуді тапсырамын – деп тұжырымдады өз сөзін Ғ.Мұсабекова.

Жиынға қатысушылар комиссия жұмысының жоспарына ұсыныстар еңгізілді. Облыс бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы тарапынан сотқа азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, сот отырыстарына қатысушылар арасында әлеуметтік сауалнамалар жүргізу туралы ұсыныс берілді. Мұндай сауалнамалардың соңғы жылдары Жамбыл қаласының мамандандырылған экономикалық соттың базасында өтіп тұратыны айтылды.

Облыстық соттың кеңсе басшысы Ә.Құлдүйсеновтің  айтуынша, жақын арада барлық соттарға семинарлар өткізу жоспарланған, оның мақсаты судьялар мен мемлекеттік қызметшілердің тәртіп стандарттарын таныстыру болып табылады.

 

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі