Жоғарғы Сотта қылмыстық істер жөніндегі сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Сотта сот ісін жүргізудің жаңа үш деңгейлі моделі шеңберінде қылмыстық істер жөніндегі сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері бойынша семинар өтті. Іс-шараны Жоғарғы Сот Дүниежүзілік Банктің қолдауымен «Қазақстан Республикасының сот төрелігі секторын институционалдық нығайту» жобасының шеңберінде ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Рахметулин, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Р.Жақыпов, Жоғарғы Соттың, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары, Бас прокуратура департаменттерінің басшылары, сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.   

А.Рахметулин өз сөзінде қазіргі таңда отандық сот жүйесі ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғап, қоғамды әлеуметтік шиеленістерден сақтай алатын тұрақтандырушы рөлге ие екендігін атап өтті.  

Семинар барысында жаңа заңнаманы қолдану тәжірибесі, қылмыстық сот ісін жүргізудің үш деңгейлі жүйесіне көшуге байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің жекелеген нормаларын қолдану тәртібі, сот актілерін апелляциялық және кассациялық сатыларда қайта қарау, сотқа дейінгі өндірісте сот бақылауын кеңейтудің заманауи үрдістері, сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізудің бірқатар өзге де  мәселелері талқыланды.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасын одан әрі арттыру бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.  

 

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі