Архив событий

01/08/2014

Алимент төлеу дауын сот медиациясы арқылы реттеу

01/08/2014

Талапкер К. жауапкер Н.-нен өзін асырау үшін ортақ баласы 3 жасқа дейін толғанша 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіруді сұрап, талап арыз берді.

Дауды сот медиациясы тәртібімен бітістіру келісімінің шарттары бойынша ай сайын жауапкер талапкерді асырау үшін ортақ баласы 3 жасқа толғанша 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент төлеп тұруға, ал талапкер алимент мөлшерін қабылдап, алдағы уақытта оның мөлшерін көбейтпеуге міндеттенді.

Электронды сервистерді енгізу

01/08/2014

Ақмола облысының Кәмелет жасына толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ақпараттық электронды сервисті енгізу бойынша «Сот кабинеті» және «Мемлекеттік органдардағы құжат айналымының бірыңғай электронды жүйесі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына аталмыш сот судьялары, прокуратура, ішкі істер департаментінің, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Жас судьялардың біліктілігі шыңдалды

01/08/2014

2014 жылдың 1тамызында Павлодар облыстық сотының оқу орталығында жаңа тағайындалған судьялар үшін семинар сабақтары өткізілді.

Облыстық соттың басшылығы Қазақстан Республикасы Судьялардың VI съезінен кейін саны 27 бірлікке ұлғайған жаңа тағайындалған судьялардың қызметіне баса назар аударып, келеді.  

Семинарға Павлодар облыстық сотының төрағасы Ә.Қаженов, сондай-ақ апелляциялық сот алқалары төрағалары, облыстық соттың судьялары, 3-жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас судьялар мен сот төрағалары қатысты.

Батыс Қазақстан облысында экс-шенеуніктерге қатысты үкім шықты

01/08/2014

Бүгін Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүслім Оңдағанов пен жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Меңдіхан Жәкеновке қатысты қылмыстық істің үкімі жария болды.

Алдын ала терегу органдары М.Оңдағанов пен М.Жәкеновті ұйымдасқан қылмыстық топ құрған және өңірде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаржысын ұрлаған деп айыптаған.