Алматы облыстық сотында Кодекстердегі өзгерістер талқыға түсті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Алматы облысының сот, прокуратура , адвокатура, ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару және салық басқармаларының өкілдері қатысты.

Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов: «Судьялар, прокуратура органдарының қызметкерлері, адвокаттар мен тергеушілер жаңа заңдармен жұмыс істеуге дайын болуға тиіс», - деп атап өтті. Сонымен бірге  Қазақстан Республикасының  қылмыстық  заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістеріне тоқталды.  

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар жыл аяғына дейін Кодекстерге енгізілген өзгерістерді кеңінен түсіндіру және облыстағы басқа да құқық қорғау органдарымен осындай дөңгелек үстелдер жүргізу қажет деген пікірге келді.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі