Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты Telegram және WhatsApp арқылы 70-ден астам өтінішке жауап берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты 2018 жылдың 15 қазанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Telegram және WhatsApp мессенджерлері арқылы қабылдау сервисін енгізді. 

Жаңалық соттың ашықтығы мен айқындығына қол жеткізу, сондай-ақ халықпен өзара іс қимыл жасау мақсатында енгізіліп отыр. Бұл өтініштер бойынша шараларды қысқа уақыттың ішінде пысықтап, олар бойынша өзекті мәліметтерді ұсынуға мүмкіндік береді. Осылайша, мессенджерлер арқылы 70-ден астам өтініш келіп түсіп, оларға жауап қайтарылды.

Жұмыстың бірегей форматы мүдделі адамдардың өтініштеріне уақытылы мән беруге мүмкіндік береді. Әсіресе мессенджерлер құжаттардың берілуге дайындығы статусы бойынша ақпаратты, мемлекеттік баж төлеу үшін реквизиттер, жауапты адамдардың байланыс ақпараты, сондай-ақ сотқа жүгінуге арналған құжаттардың үлгілік нұсқалары бойынша ақпарат береді.

Кез келген азамат және заңды тұлға Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына мына байланыстары арқылы жүгіне алатындығын еске сала кетеміз: 

WhatsApp: +7 707 101 43 43.

Telegram: t.me/Saryarkacourt(Сарыарқа аудандық соты).

Источник: 
Астана қалалық соты,