Судьялар мен сот қызметкерлері шаңғымен жарысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Салауатты өмір салтын және корпоративтік мәдениетін нығайтуды насихаттауға бағытталға іс-шараны Астана қ. соты ұйымдастырды. 

Осы жарысқа жоғары сот органы мен Астана қаласы сотының судьялары, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері қатысты.

Жеңімпаздар сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Мәселен, 2 км жүгірісте Жоғарғы Соттың судьясы Бауыржан Жұмағұлов, Есіл ауданының №2 аудандық сотының бас маманы Мейіржан Балабай және Есіл аудандық сотының аға сот приставы Асланбек Ибраев жеңімпаз атанды.  

1 шақырымға жүгіруде - Есіл ауданының судьясы Мадина Дәулетова, департаменттің инспекторы Күлжиян Әбдірахманова және Сарыарқа аудандық сотының судьясы Айнұр Нұрбаева жеңімпаз атанды.  

 Жеңіске деген жігері үшін және белсенді қатысқаны үшін Астана қ. сотының судьялары Амандық Қанбаев және Вячеслав Салий, Департаменттің сектор меңгерушісі Динара Тлепова марапатталды.

Источник: 
Астана қалалық соты