Қазақстанның Жоғарғы Сотына ресейлік сот органдарының делегациясы жұмыс сапарымен келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астанаға ресейлік сот органдарының делегациясы жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамына Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот департаменті Бас директорының орынбасары Виктор Агеев, Костромск облыстық және Солтүстік Кавказ округтік әскери соттарының төрағалары, Сот департаменті басқармаларының бастықтары, сондай-ақ «Правосудие» Мемлекеттік талдамалық жүйесін қолдаудың ақпараттық-сараптамалық орталығы» федеральдік мемлекеттік бюджеттік мекемесінің басшысы Леонид Юхневич (толық тізіммен осы жерде танысуға болады) енген.

Сапар ресейлік тараптың бастамасы бойынша өтуде. Мақсаты – электронды сот төрелігін енгізу мен соттар жұмысын ұйымдастырудағы қазақстандық тәжірибені зерделеу.

Іссапардың алғашқы күні Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмимен, Жоғарғы Соттың мамандандырылған алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаевамен, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испановпен, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті. Ресейлік делегация Қазақстанның сот құрылысы мен сот ісін жүргізу барысынан, сондай-ақ Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде сот жүйесінде орын алып жатқан өзгерістерден хабардар. Шетелдік қонақтар үшін Қазақстан Жоғарғы Сотының ақпараттық сервистері («Төрелік» ААТЖ, «Е-қызмет», ішкі портал, «Сот кабинеті») мен Жоғарғы Соттың соттармен және ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мекемелерімен бейнебайланыс жүйесінің таныстырылымы өтті.

Сапар аясында ақпараттық сервистердің жұмысымен тікелей танысу мақсатында Астана қалалық сотына бару көзделіп отыр. Осы орайда меймандар «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестесі», «Сотқа шақыру», «Мемлекеттік баж салығын төлеу», «Талап арызды тіркеу», «Талон беру», «СМС-хабарлама алу», «Істерді автоматты бөлу» секілді сервистердің жұмысымен таныстыру жоспарланып отыр. Қонақтарға аудиобейнетіркеу жүйесінің мүмкіндіктері, «Сот кабинеті» сервисінің талап арыздар мен өтініштерді беру, хаттарды жіберу функционалдарының жұмысы көрсетілетін болады.

Сапар барысында Қазақстан Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Сәуле Айтпаевамен, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолинмен кездесу өтеді. Бұған қоса, Жоғарғы Сот судьясы Елена Максютамен және Әскери сот төрағасы Сәкен Абдулаевпен кездесу өтетін болады.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі