Қостанай облысының судьялары «Адам саудасына қарсы күрес» тақырыбындағы семинарға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық соты «Қазақстанның репродуктивті және жыныстық денсаулық ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай филиалымен бірлесіп «Адам саудасына қарсы күрес» тақырыбында үкіметтік емес ұйым семинар ұйымдастырды.

Шараға «Қазақстанның репродуктивті және жыныстық денсаулық ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай филиалының төрайымы Нина Шабурова, Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Айгүл Бекмағамбетова, сондай-ақ қылмыстық істі қарайтын судьялары қатысты.

Семинарда модератор болған облыстық сот төрағасы Асламбек Мерғалиев өз сөзінде аталған тақырыптың өзектілігі мен көпқырлылығын атап өтті. «Әлем елдерінде осыдан екі жүз жыл бұрын құлдық жойылғанымен осы күнге дейін адамдарды ұрлап жалдауға салу жалғауда. Қылмыстық топтардың пайда табу мақсатымен адамдарды сатуы – барлық адамзат проблемасы. Сондықтан онымен күрес те барынша тиімді жүргізілуі керек», - деді төраға.

Н.Шабурова жас судьялармен барынша белсенді жұмыс істеп, олардың арасында сауалманалау, түрлі тренингтер жүргізіп, адам саудасына қарсы күрес бойынша халықаралық құжаттар шолуымен таныстырды. Семинар барысында еңбек және сексуалды құлдыққа түскен қазақстандықтар өмірінен де мысалдар келтірілді.

Н.Шабурованың мәлімдеуінше, мұндай жайтқа тап болып, кейін аман-есен үйіне оралуға мүмкіндік тапқан адамдардың барлығы өздерін құрбан санайды. Олар арбауға түскені үшін өздерін кінәлап, ұят пен намыстан күйінеді. Мұндай құлдық құрбандар психологиялық тұрғыдан жасық, мемлекет тарапынан болсын, жақындары тарапынан болсын қамқорлыққа зәру.

Семинарға қатысушылар құрбандар мен азғырып көндірушілер ролінде болып тренинг өткізді, сонымен қатар құрбандар өз бастарынан кешкендерін баяндауы негізінде түсірілген фильмді көрді.

Жас судьялар семинардың өте тиімді, мәліметке толы әрі қызықты өткенін айтып, алдағы уақытта да ой-өрісті кеңейтер мұндай шаралардың ұйыдастырылып тұруы керектігін айтты.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі