Қостанай облыстық сотында сотқа құрметтемеушілік таныту мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық соты судьяларға «Сотқа құрметтемеушілік таныту» тақырыбында қашықтықтан оқыту өткізді.

Бұл тақырып өзектілігі елімізде сот билігінің имиджін үнемі нығайтып отырмен, жүргізіліп жатқан реформалармен, қоғамда сотқа және тұтас мемлекеттік билік институтына құрметпен қарауды қалыптастырумен байланысты.

Облыстық сот судьясы Галина Зинина өз сөзінде сотқа құрметтемеушілік бойынша жауапкершілік сот процесіне шақыту алған тараптардың дәлелді себепсіз сотқа келмеуі жағдайында тағайындалатынын атап өтті. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабына сәйкес, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзу, сондай-ақ сотты және судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) сотты құрметтемеушiлiк болып табылады.

Аталған тақырыпты талқылау барысында судьялар сотқа құрметтемеушілік таныту бойынша сот тәжірибесінен мысалдар келтірді. Өткен 2016 жылы облыс соттарымен мұндай 37 іс, ағымдағы жылда 2 іс қаралған.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі