Қостанайда атқарушылық іс жүргізуде бітімгершілік рәсімдер жөніндегі комиссия жұмыс істейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанайда жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жанында дауларды реттеу жөніндегі комиссия құрылды. Қостанай қалалық сотының атқарушылық іс жүргізу барысында адамдар мен жеке сот орындаушылары арасында туындайтын дауларды соттан тыс тәртіппен шешуге бағытталған бастамасы осылайша іске асырылды.

Қалалық сот комиссия жұмысының шеңберінде сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне шағымдарды саралап, оларды бір судьяға бекітеді. Сот іс жүргізуге қабылдаған жеке сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне жасалған барлық шағымдар дереу бітімгершілік комиссияға жіберіледі. Өтініш берушілерге олар кейіннен комиссия отырысына қатысуы үшін бұл туралы ескертіледі. Ал жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өз беттерімен талап қоймайтын үшінші тұлға ретінде іске тартылуда. Мұның өзі комиссия қызметінің заңдылығы үшін жүзеге асырылып отыр.

Комиссия шағымды алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде дау бойынша екі тарапқа да қолайлы шешім әзірлеу үшін өтініш берушінің және өзінің іс-әрекетіне шағым жасалған жеке сот орындаушысының қатысуымен отырыс өткізеді. Комиссия отырысты сот іс бойынша шешім шығарғанға дейін бірнеше рет өткізуі мүмкін.

Комиссия бір айда 28 шағымды қарады. Олардың тең жартысы соттан тыс тәртіппен өз шешімін тапты.

Қайнар: 
Қостанай облыстық соты баспасөз қызметі