Сот жүйесіне ІТ-технологиялар белсенді түрде енгізілуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының Есіл аудандық сотында сот төрағасының және судьяларының, аудан әкімдігі мен прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен «Сот жүйесіне ІТ технологияларды енгізу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Кездесу барысында Есіл аудандық сотының төрағасы Дамир Әбдіғалиев сот төрелігін жүзеге асыру жұмысын оңтайландырудың басым бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сот ісін жүргізудің айқындығын барынша арттыру болып табылатындығын атап өтті.  

Сот жүйесін оңтайландыру әрі қолжетімді ету – Қазақстан Республикасы Президентінің судьялардың VI сьезінде берген тапсырмаларының бірі. Осы мақсатта сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды кеңінен қолданып, Қазақстан Республикасының сот жүйесінде жаңартылған интернет-ресурстар, сот процесіне қатысушыларға SMS-хабарландырулар жіберу және электрондық пошта арқылы хабарландыру, «Сот құжаттарымен танысу», «Тыңдалған істер тізімі», «Сот кабинеті», «Сотқа шақыру» сервистері сот органдарының  Call-орталықтары іске қосылды.

Сот төрағасының айтуынша, 2016 жылдың 4 айында 2015 жылдың 4 айымен салыстырғанда «Сот кабинеті» арқылы жолданатын арыздардың саны көбейген. 2015 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 2,7 % арыз түскен болса, ал 2016 жылдың 4 айында 87 % арыз электронды түрде түскен.

Дөңгелек үстел соңында шараға қатысушылар осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша тұжырымдар мен ұсынымдар әзірледі.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі