Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында тергеу судьяларының жұмыстарына баға берілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов облыстық соттың төралқа  отырысын өткізіп, тергеу судьяларының жұмыс сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында, олардың судьялық өтілі мен кәсіби біліктілігіне  баға  берілді.

Форум жұмысына шалғай аудандарында орналасқан соттардың тергеу судьялары бейнеконференц  байланыс  арқылы  қатысты.

Н.Шәріпов өз сөзінде Мемлекет Басшысының «100 нақты қадам» бес институттық реформасы азаматтардың Ата заңмен белгіленген  құқықтарының  одан әрі нығая түсуіне жол ашып, еліміздің демократиялық қоғамға  деген  қадамының қарыштай түскенін, осы қадамдар тергеу судьяларының өкілеттігінің кеңеюіне ықпалын тигізгенін ерекше атап өтті.

Осыған байланысты былтыр 2015 жылмен салыстырғанда  жұмыс  жүктемесі  екі  есеге ұлғайған.   

Н.Шәріпов, тергеу судьясы институты азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарының сақталуында ерекше рөлге ие екендігін айтып, судьяларға осы бағыттағы жұмыстардың  маңыздылығын үнемі назарда  ұстау  жөнінде  тапсырмалар  берді.

Осы күні, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының  ұйымдастыруымен «Тергеу судьясы институты – адамның және азаматтардың конституциялық құқығының сақталу кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді.

Алқа төрағасы З.Пірнияздың төрағалық етуімен өткен дөңгелек үстелге судьялар, прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік кіріс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі департаменттерінің тергеу басқармаларының және адвокаттар алқасының  өкілдері  қатысты.

Кездесудің қатысушылары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында тергеу қызметі мен прокурорлардың тергеу судьяларының  қарауына  ұсынатын  іс-құжаттарының  сапасын  арттыру және  тиімділігін  көтеру  мәселелерін талқылады. 

Дөңгелек үстел соңында шараға қатысушылар тергеу судьясына қатысты талқыланған өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастыру бағытында бірлесіп жұмыстар атқару жөнінде бірауыздан шешім қабылдады.

Қайнар: 
Пресс-служба Южно-Казахстанского областного суда