Шымкенттің Қаратау аудандық сотында фронт-офис ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Түгел Бекімбетов Шымкенттің Қаратау аудандық сотында фронт-офисті ашты. Бұл сот, сот төрелігін жүзеге асыру процесін жетілдіру бойынша «Үлгілі сот» жобасын іске асыру аясында пилоттық сот болып белгіленді.

Іс-шараға сондай-ақ аудандық соттың судьялары мен мамандары, прокурорлар, медиаторлар, адвокаттар және БАҚ өкілдері қатысты.

Фронт-офис 70 шаршы метр көлемді залды қамтиды. Ол кеңсе техникасымен жабдықталған және халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттарына сай келеді. Мұнда медиаторлар мен адвокаттар іс материалдарымен танысуға арналған екі кабинет, сондай-ақ ақпараттық орталық орналасқан. Жасалған жағдайлар сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз ету мақсатын көздейді.      

Т.Бекімбетов сотқа келушінің фронт-офистің үш негізгі бөлігінен: ақпараттық орталық, кіріс кеңсесі мен өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарынан өтудің толық процесін таныстырды.

Кіріс кеңсесі аймағында келуші сотқа құжаттар тапсыра алады. Сонымен бірге сот маманы құжатқа белгі қойып, өтініштің көшірмесін беріп қана қоймай, тіркеу жүргізіп, кейінгі уақытта нөмірі бойынша «Сот кабинеті» сервисі арқылы арыз бойынша істің барлық қозғалысын бақылауға болатын талон береді.

Ресепшн қызметкері әрбір келушіні жайдары жүзбен қарсы алып, олардың келу мақсатын мұқият тыңдайды, медиаторға немесе адвокатқа жүгіну мүмкіндігі туралы кеңес береді. Кәсіпқой медиаторлардың кезекшілік кестесі бекітілді.

Фронт-офисте аудандық сот пен адвокаттар алқасының арасында жасалған меморандум шеңберінде адвокат тұрақты түрде жұмыс істейді.    

Іс-шараның соңында Т.Бекімбетов аудандық соттың ұжымымен кездесіп, олармен сот қызметінің ағымдағы мәселелерін талқылады, кәсіби дағдыларын ұдайы арттыруға және дау-жанжалдарды әуре-сарсаңсыз шешуге тілектестік білдірді.   

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі