Жоғарғы Сот үлескерлердің мүдделерін қорғап, «Орал-дизайн-стройсервис» ЖШС-нің оңалту рәсімін қолдану туралы арызын қанағаттандырусыз қалдырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот «Орал-дизайн-стройсервис» ЖШС-нің арызы қанағаттандырылған және оған қатысты оңалту рәсімі қолданылған бірінші және апелляциялық сот сатыларының сот актілерінің күшін жойды.

 «Орал-дизайн-стройсервис» ЖШС Астананың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Көктал поселкесінде тұрғын үй кешенін салу бойынша тендерді ұтып алған. Құрылысты бастап, біраз уақыттан соң  құрылыс салушы өзінің төлеуге қабілетсіздігінен және объектіні салу келісімін бұзғандығына байланысты  оны тоқтатып қойған. ЖШС оған қатысты оңалту мәселесін қарастыру туралы арызбен жүгінген.

Бірінші сатыдағы сот арызданушы ЖШС-нің несиелік қарызын, соның ішінде салық бойынша, Банк алдындағы және басқада несиелері бойынша қарызын  1 920 304 969 теңге сомасында деп  таныған. Борышкердің актив құны оның несиелік қарызын жаппайтындығын  және  борышкердің 12 айға жуық уақыт ішінде ақшалық міндеттерін  орындай алмайтындығын  анықтаған.

Апелляциялық сот алқасы «Мирный дом» және  «Happy&strong House» ТҚК біріккен салымшылардың қолда бар салымдарымен қорларына құрылысты аяқтау үшін жасаған біріккен қызмет туралы келісім-шартын ескеріп, бірінші сатылы соттың шешімімен келіскен.

Аталған шешіммен келіспеген Астана қ., құрылыс басқармасы жасалынған сот актілеріне жоғарғы органға шағым келтірген.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер  жөніндегі сот алқасы ЖШС-тің оңалту қажет деген қорытындысын дәйексіз және борышкермен бұрмаланған қаржылық ақпаратқа негізделген деп таныған.

Сот алқасы ЖШС  активтері  ретінде аяқталмаған құрылыс объектілерін шығарған, соның ішінде (1 кезекте)  мемлекеттің  тұрғын – үй құрылыс  бағдарламасын жүзеге асыру және  салымшылардың қаражатына салынып жатқан Көктал поселкесінде тұрғын үй кешені қойғандығын көрсеткен. Алайда ЖШС өзінің несие берушілер алдындағы борышын өтеу үшін қойған құрылысы аяқталмаған объектілер активтер ретінде қолданылмайды, өйткені олар мемлекетке тиесілі.

Мемлекеттік  тұрғын-үй құрылыс  бағдарламасын жүзеге асыру бойынша  2008 жылдың 1 шілдесінде  Басқарма мен ЖШС арасында 1 682 275 126 теңге тұратын «Астана қаласының оңтүстік – шығыс жақтағы Көктал поселкесінде тұрғын үй кешені (1 кезекте)» мердігерлік жұмыс мемлекеттік сатып алу келісімі жасалынған, құрылысты аяқтау мерзімі 2013 жылдың 31 наурызына дейін белгіленген. Келісім-шартқа сәйкес  Басқарма ЖШС-ге  927 313 444 теңге аударған. Алайда  құрылыс салушы өздігінен, рұқсат беру құжаттарынсыз 3-4 қосымша қабаттардың құрылысын жасаған, сол үшін ЖШС және лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Құрылыс салушымен құрылысы  жүргізілмеген 26, 27, 52 және 53,  пәтерлерді өткізуде бұзушылықтарға жол берген.

Уақытша  басқарушының қорытындысында  дебиторлық қарыздың сомасы, ЖШС Басқармаға қатысты орындалған жұмыстар туралы актіні заңсыз деп тану  таралы талап арызында көрсетілген  1 725 844 000 теңге  жазылған,  ол бұрын қанағаттандырудан бас тартылған.

Сот алқасында «Астана-Сәулет-Құрылыс қызмет ЖШС, «Millenium Building» ЖШС және «Темеш Мунай Газ» ЖШС-мен құрылыс – құрастыру жұмыстарын орындауға ниет білдірілген келісім-шарт ешбір дәйектермен  расталмаған және борышкердің олардың төлем қабілеттілігі негізінде   қайтадан тұруы негізсіз.  Сонымен қатар,  аталған серіктестіктер  борышкер құрылыс салушымен  банктік үлес тұлғалары болып табылады.

Сонымен,  Жоғарғы Сот, Құрылыс басқармасының, «Баспана Көктал» ТҚК-нің, Банк және үлескерлер ретіндегі жеке салымшылардың дәлелдерін назарға алып, жергілікті соттардың сот актілерінің күшін жойды және ЖШС арызын қанағаттандырусыз қалдырды.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі