Қостанай облыстық соты сотталғанды ақтап, оны қамаудан босатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ш.-ға жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеумен 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын белгілеген.

Сот Ш.-ны алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен сату мақсатында аса ірі мөлшерде есiрткi заттарын сақтағаны және тасымалдағаны үшін айыпты деп таныды.

Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған мен оның қорғаушысының апелляциялық шағымы бойынша істі қарап, оның қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысы дәлелденбегендіктен айыптау үкімінің күшін жойып, Ш.-ны толықтай ақтады. Апелляциялық саты қылмыстық істі қарау барысында сотқа дейінгі тергеу органы дәлелдемелерді жинақтау мен бекітуді тиісті түрде жүзеге асырмағанын, нәтижесінде Ш.-ның қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылуына әкеліп соққанын анықтады.

Бірінші сатыдағы сот расталған және жол берілетін дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығымен үкімді негізду міндетін реттейтін ҚПК ережелерін ескермегені, ол іс бойынша қабылданған шешімнің дұрыстығына әсер еткені аталды. Осылайша, сотталғанның кінәсін дәлелдейтін негіздеме ретінде Ш.-ның өз айғақтары алынған. Алайда, айыптау тарабы іс бойынша басқа дәлелдемелер ұсынбаған.

Соттың есірткі заттарын заңсыз сату туралы қорытындысы оған жеткіліксіз дәлелдемелер жиынтығымен негізделген. Нақты Ш.-ның есірткі затын сату фактісі тіркелмеген.

Қылмыстық істегі дәлелдемелер және оны басқа нақты мән-жайларымен салыстырудың талдауы Ш.-ның кінәлілігіне күмәннің барын, оларды жою мүмкін болмағандықтан, оның пайдасына шешілуі керектігін көрсетті.

Мән-жайлардың жиынтығымен апелляциялық сатының соты Ш.-ға қатысты шығарылған үкімді бұзып, қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша өндірісті қысқартты. Қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тарту салдарынан Ш.-да оңалту құқығы танылды.

ІІД бастығы мен облыс прокурорының атына кінәлі лауазымды тұлғаларға заңда көрсетілген тиісті шаралар қолдану үшін Ш.-ны қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартуға әкеліп соққан, осы іс бойынша жіберілген елеулі заң бұзушылықтары туралы жекеше қаулылар шығарылды.

Қайнар: 
Пресс-служба Костанайского областного суда