ШЫҰ

Ж.Асанов Сочиде өткен ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер жоғарғы соттары төрағаларының кеңесіне қатысты

19/06/2019

Жақып Асанов Сочиде (РФ) өткен ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер жоғарғы соттары төрағаларының XIV кеңесіне қатысты.

Іс-шараға сондай-ақ Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Индия елдері жоғарғы соттарының төрағалары мен судьялары, сондай-ақ бақылаушы елдердің өкілдері, өзара қарым-қатынасқа мүдделі әріптестер қатысты.

Ж. Асанов Пекинде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Жоғарғы Соттары төрағаларының кеңесінде сөз сөйледі

25/05/2018

Ж.Асанов Пекинде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Жоғарғы Соттары төрағаларының ХІІІ-кеңесінің жұмысына қатысты.

Іс-шараға Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Үндістан судьялары мен жоғарғы соттарының төрағалары, сонымен қатар бақылаушы елдердің, диалог бойынша серіктестердің, Хатшылықтың, ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының Атқару комитетінің және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Терроризмге қарсы комитеті Атқарушы директоратының өкілдері де қатысты.

Ж.Асанов Ресей мен Қытай Жоғарғы Соттарының төрағаларымен екі жақты кездесу өткізді

25/05/2018

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асановтың басшылығымен қазақстандық судьялар делегациясының Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары басталды.

Іс-шара Пекинде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Жоғарғы Соттары төрағаларының XIII кеңесі аясында өтуде.  

Өзбекстанда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы Соттары төрағаларының кеңесі өтті

25/10/2017

Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Ташкент қаласында (Өзбекстан) ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы Соттары төрағаларының кеңесіне қатысты. Іс-шараға Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан Жоғарғы Соттарының төрағалары мен судьялары, сондай-ақ ШЫҰ-ның Бас хатшысы С.Имандосов та қатысты.

Жоғарғы Соттың делегациясы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғарғы сот төрағаларының он бірінші кеңесінің жұмысына қатысты

26/09/2016

А.ж. 22 қыркүйегінде Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің жоғарғы сот төрағаларының он бірінші кеңесі өтті.

Кеңес жұмысына Мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қ. Қыдырбаева бастаған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы қатысты.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер судьялары Қазақстандағы ювенальды соттардың жұмысын талқылады

09/10/2015

Бүгін Жоғарғы Сотта Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер судьяларының танысу сапарының шеңберінде «Қазақстанның балаларға қатысты сот төрелігін дамыту тәжірибесі» тақырыбында семинар өтті.

Аталған жоба бойынша біздің елімізге Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының судьялары келді.

Бішкекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы Сот төрағаларының оныншы кеңесі өтуде

04/09/2015

2015 жылғы 3-5 қыркүйек аралығында Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы Сот төрағаларының оныншы кеңесі өтуде. Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми бастаған қазақстандық делегация қатысуда.

Бүгін Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы соттары төрағаларының кезекті IX кеңесі өтті

04/09/2014

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Ә.Мәмидің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Жоғарғы соттары төрағаларының кезекті тоғызыншы кеңесі өтті.

Бұл іс-шара 2006 жылдан бастап, жыл сайын ШЫҰ-ға мүше елдердің бірінде кезегімен өткізіліп келеді.

Беттер