Жоғарғы Соттың Call-орталығы – қоғаммен ашық және қолжетімді тілдесудің көпірі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың Call-орталығы 2014 жылдан бері жұмыс жасап келеді және телефон байланысы абоненттерінің барлығына республиканың сот органдары қызметіне қатысты сұрақтар бойынша біркелкі тегін тікелей 1401 нөмірі арқылы хабарласуға мүмкіндік береді.

Call-орталықтың халықпен тікелей хабарласуы мүмкіндігі сот органдарының проблемалық сұрақтарын анықтау және жедел шешуге мақсатталған.

Келіп түсетін ұсыныстарға, арыздарға және шағымдарға уақтылы әсер ету үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Соты аппаратының) жауапты қызметкерлерінің Call-орталықта әр күн сайын кезекшілігі ұйымдастырылған.

Кезекшілердің беретін ақпараттары статистикалық есеп болып қалыптастырылып, ол бойынша сот органдарында тексерулер жүргізіледі. Осылайша, процессуалдық және басқа заңнамалырды бұзудың жағдайы мен салдары және олардың болуына жол берген тұлғалар анықталады. Жинақталған ақпарат Жоғарғы Соттың және Департаменттің басшыларына ұсынылады.

Call-орталыққа түскен хабарласуларды талдай келе Астана және Алматы қалаларының тұрғындары белсенді екені көрінеді, олардың үлесі Call-орталыққа түскен барлық жүгінулердің жартысына тең. Ең белсенсіздері Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Қазақстандықтардан басқа Call-орталыққа жақын және алыс шетелдерден де хабарласады.

Осы жылдың 5 айында Call-орталыққа 35 000-ға жуық жеке және заңды тұлғалардың өкілдері хабарласты, ол былтырғы жылға қарағанда екі есе көп. Хабарласушылардың көбісі негізінен «Сот кабинеті» сервисінің жұмысына және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар айтады, оны сервистің күннен күнге көпшілікке танымал болып келе жатқанымен түсіндіруге болады. «Сот кабинеті» сервисін қолданушылар жүйеде арыздарды тіркеу, қосымшаларды жүктеу, серверге қосылу, электрондық құжаттарды жіберу және тағы басқа сұрақтармен хабарласады.

Азаматтар сотта істердің қаралуы, анықтама тұрғысындағы, мемлекеттік баж төлемі, сот құжаттарын апостильдеу сұрақтары бойынша хабарласуда. Жеке қабылдау және соттың интернет-ресурстарының жұмысына қатысты мәселелер қызықтырады.

Сәуір және мамыр айлары аралығында сот органдарының қызметкерлеріне олардың процессуалдық құжаттарды уақытынан кешіктіріп беруі, қолма-қол арыз талапты қабылдамауы және сот отырысының аудио-, бейне жазбасының көшірмесін бермеу бойынша 23 арыз келіп түсті.

Арызда көрсетілген фактілер бойынша Департаменттің кезекші қызметкерлері сәйкесінше тексерулер өткізіліп, нәтижелері бойынша арызданушыларға түсініктемелер берілді. Іс-әрекеттерінің арыздардың түсуіне негіз болған сот кеңселерінің қызметкерлеріне жұмыс барысында процессуалдық тәртіпті сақтау және алдағы уақытта бұзушылықтарға жол бермеу туралы ескертілді.

Call-орталықтың қызметі жайлы ақпарат Жоғарғы Соттың «sud.gov.kz»  сайтында орналастырылған.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі