Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында «Жаңа сот актілерінің банкі» атты сервис іске қосылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың ресми интернет-ресурсындағы «Сот істері жөніндегі анықтамалық» сервисі азаматтардың сот төрелігіне қолжетімдігін жеңілдетуді көздейді. Оның міндеті – сот процесінің қатысушылары мен олардың өкілдеріне құқықтық шектеулерді ескере отырып, барлық сот сатыларының сот актілеріне рұқсат беру. Осы сервистің жұмыс істеуінің оң тәжірибесі пилоттық режимде «Жаңа сот актілерінің банкі» кеңейтілген сервисін әзірлеуге және іске қосуға негіз болды.

Кейіннен «Сот істері жөніндегі анықтамалық» сервисі «Сот кабинеті» сервисінің құрамына енгізіледі және тек қана тіркелген пайдаланушыларға істердің қозғалысы, іс жүргізу құжаттары және ағымдағы сот актілері туралы мәліметтерді ұсына отырып, қолжетімді болады.

«Жаңа сот актілерінің банкінде» 2016 жылы бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар шығарған заңды күшіне енген сот шешімдері (үкімдері) іздеу үшін қолжетімді болып табылады. Кейінірек 2015 жылы шығарылған сот актілері, соның ішінде Жоғарғы Соттың сот актілері қолжетімді болмақ.

Жаңа сервистің заңды күшіне енген сот шешімдері (үкімдері) сұрату интерфейсінде кеңейтілген іздеу салуды орындауға мүмкіндік беретін қосымша критерийлер енгізілген. Пайдаланушыларда сот шешімдері (үкімдері), қаулыларына келесі критерийлер бойынша қол жеткізу мүмкіндігі бар: облыс, сот органы, сот процесінің қатысушысы, шешім (үкім) шыққан күні, сот ісін жүргізу түрі, істің санаты, сот сатысының түрі және қарау нәтижесі. Бұл ретте, дәлме-дәл нәтижесін көрсету үшін сервисте бір-бірден, сондай-ақ бірнеше критерийлер бойынша іздеуді жүзеге асыру қарастырылған. Жаңа іздеу интерфейсін әзірлеу кезінде шетелдік сот органының іздеу жүйелерін іске асырудың озық тәжірибесі, отандық сарапшылардың ұсыныстары зерттеліп қолданылды, сондай-ақ сот талқылауларының кейбір түрлері бойынша шешімдерді таратуға құқықтық шектеулер ескерілген.

«Жаңа сот актілерінің банкі» «Сот кабинеті» сервисі секілді соттардың тұрғындармен өзара іс-қимылын орнатуға және сот ісін жүргізуді жеңілдетуге бағытталған бірыңғай терезе рөлін атқарады.

Сот ісін жүргізу жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу сот органдары қызметінің ашықтығын, сот жүйесі мен сотқа қатысушы адамдардың уақытысы мен материалдық шығынын үнемдеуді қамтамасыз етеді.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі