Татуластыру рәсімдерін бұдан әрі дамыту бойынша бірлескен іс-шараларды іске асыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекет басшысының 2013 жылғы қарашада өткен судьялардың алтыншы съезінде қойған тапсырмасының бірі оңайлатылған іс жүргізуді және татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану болды, жекелеп айтсақ медиация институтын енгізу, нотариустың атқарушылық жазбасын жасау.

Осы мақсатта Жоғарғы Сот пен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында медиация институтын дамыту бойынша Меморандумға қол қойылды. Оның шеңберінде татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша Әдістемелік ұсынымдар, дауларды реттеу туралы үлгілік келісімнің нысаны, медиаторлар этикасының кәсіби кодексі, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кабинетінің үлгілік ережесі әзірленіп жатыр. Татуластыру рәсімдерін және достық үйлерінде медиация институтын дамытуға отставкадағы судьялар тартылуда.

Барлық аймақтардағы достық үйлерінде медиация орталықтары ашылған.

Қазіргі уақытта медиация тәртібімен аяқталған істердің саны артып келеді.

Мұндай істердің саны – 5 923 немесе барлық аяқталған істердің (256 921) 2,3% құрайды, былтырғы жылдың ұқсас кезеңінен 1,6% артық (1810 немесе 0,7%).

Барлық облыстық соттар мен әкімдіктер арасында дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын қарқынды енгізу және жан-жақты дамыту бойынша өзара ынтымақтастыққа бағытталған Меморандум қабылданды.

Сонымен қатар, Меморандумда сот өндірісінде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану, алқабилікке кандидаттардың тізімін қалыптастыру бойынша өзара іс-қимылды күшейту, коммуналдық қызмет үшін қарыздарды өндіріп алу рәсімін оңайлату бағыттарындағы ынтымақтастық анықталған.

Меморандумның шеңберінде облыстық соттар мен жергілікті әкімдіктер дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институты туралы және оның артықшылықтары бойынша, нотариустың атқарушылық жазбасын жасау арқылы коммуналдық қызмет үшін қарыздарды өндіріп алу рәсімін оңайлатуға қатысты халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұдан басқа, отставкадағы судьяларды тарту арқылы медиация кабинеттері ашылуда, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілуде, өзара ақпарат алмасу және тағы басқа шаралар іске асырылуда.

Бүгінде татуластыру институты қоғам мен кәсіби заңгерлердің арасында қолдау тауып келеді. Медиация отбасылық кикілжіңнен бастап қоғамдық және коммерциялық салалардағы көпжақты жанжалдарды шешуде кең танымал болды.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі