Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізді.

Бұл шараның өткізілуі туралы аймақ тұрғындары соттың ресми сайты, Facebook әлеуметтік желісі арқылы алдын ала хабардар етілді.

Сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өткізілген интернет-конференция барысында барлығы 7 сұрақ келіп түсті. Татуластыру рәсімдерін қолдану, сот іс жүргізуінде ақпараттық технологияларды, атап айтқанда «Сот кабинеті» қызметін қолдану, апелляциялық және кассациялық шағымдарды беру тәртібі мәселелері азаматтардың қызығушылығын тудырды. Сонымен бірге нақты сот істерін қарауға байланысты да сұрақтар қойылды.

Е.Айтжанов барлық түскен сұрақтарды жан-жақты зерделеп, кейбір сұрақтар бойынша жеке тапсырмалар берді. Барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

Сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғындармен сұхбаттасу мақсатында облыс тұрғындарымен интернет-конференцияларды өткізу бұдан әрі де жалғасады.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі