Шығыс Қазақстан облыстық соты «Процестік келісім жасауда туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Процестік келісім жасауда туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, прокуратура, ШҚО адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Қ.Чакпантаев өз сөзінде процестік келісім институты немесе сот төрелігінің мәмілесі жаңа Қылмыстық процестік кодексінің қолданысқа енгізілуімен 2015 жылы қолданысқа енгендігін атап өтті. Оны қолданысқа енгізуде заңның талаптарына сай көптеген туындаған сұрақтарға жауап талап етілген. Дөңгелек үстелдің өзектілігі бірыңғай сот практикасын құру, процестік келісім жасаудың бірыңғай жолдары, жәбірленуші мен күдіктінің бұзылған құқықтарын алдын алу қажеттілігі болды. Сонымен қатар, процестік келісім тиімді және заманауи болып табылатындығы атап өтілді.

Қ.Чакпантаевтың айтуынша 2016 жылдың 1 шілдедегі статистикалық мәліметтерге сәйкес облыстың бірінші сатыдағы соттарына процестік келісіммен 89 қылмыстық іс түсіп, 87 қылмыстық іс аяқталған. 2015 жылмен салыстырғанда, тұлғаларға қатысты аталған санаттағы қылмыстық істердің саны артқан, жыл бойы барлығы 82 қылмыстық іс қаралған, ал 2016 жылдың 1 жартыжылдығында 87 қылмыстық іс қаралған. Процестік келісім жасаудың мүмкіндіктерін сотталушыларға, күдіктілерге түсіндіру арқылы аталған көрсеткішті арттыру, қалалық және аудандық прокурорлармен жұмыстар жасауды күшейту, адвокатура мен сотқа дейінгі тергеу органдарының әріптестері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет».

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Айжан Абуова Жоғарғы Соты қабылдаған «Соттардың қылмыстық істерді келісімдік іс жүргізуде қарау практикасы туралы» 2016 жылғы 7 шілдедегі №4 нормативтік қаулысы туралы ақпараттандырды. Аталған нормативтік қаулы құқық қолдану практика барысында туындаған көптеген сұрақтарға жауап береді.

«Дөңгелек үстел» барысында баяндамалар тыңдалып, келісімдік іс жүргізуде қаралатын қылмыстық істер бойынша өзекті мәселелер, процестік келісімді жасау кезінде қорғау, тергеу органы тарапынан туындайтын мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, «дөңгелек үстел» соңында  қатысушылар процестік келісім жасауға қатысты сұрақтарды талқылады.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі