Маңғыстау облыстық соты бірінші жартыжылдықты қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотында өткен кеңейтілген кеңесте 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының сот төрелігін жүзеге асыру бойынша соттардың жұмысын қорытындылады.

Маңғыстау облыстық сотының төраға міндетін атқарушы Рахметолла Хайруллин кеңесте сот төрелігін жүзеге асыру, заңдылықтың сақталуы мен соттар жұмысын одан әрі жетілдіру сапасы туралы айтты. Оның айтуынша, облыс соттары 2016 жылдың бірінші жартыжылдығанда жалпы 17371 (2015 жылы – 17 289) істі қараған. Соның ішінде 774-і (2015 ж.-579) қылмыстық іс, 8 749-і (2015 ж.-8371)  азаматтық іс, 7 848-і (2015 ж.-8339) әкімшілік іс. 2016 жылдың 6 айында қаралған қылмыстық істер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 195 іске артқан. Ал, азаматтық істер 378-ге, әкімшілік істер 491 іске азайған.

Кеңес барысында облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Марат Сабырбаев, Сот әдебі жөнінде комиссия төрағасы Нұртуған Тұржанов, судьялардың іс-әрекеттеріне келтірілген шағым, арыздар бойынша  және татуластыру рәсімдерін қолдану туралы облыстық соттың судьясы Гүлжахан Иманғалиева, соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар туралы Соттар әкімшісінің басшысы Меңді Епенованың есептері тыңдалды.

Кеңес соңында Р.Хайруллин сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыру бойынша облыс соттары алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі