Маңғыстау облыстық және Әскери соттардың төрағалары судьяларға екінші жартыжылдықта орындалуы тиіс нақты міндеттерді жүктеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов өңірдегі соттармен өткен бірінші жартыжылдықта сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы туралы кеңейтілген кеңес өткізді.

Кеңес жұмысын аша келе, Ж.Аланов Ұлт Жоспарын іске асыру арқылы сот төрелігін жүзеге жұмысының жетілдірілгенін айтты. Ол апелляциялық алқа мен бірінші сатыдағы соттардың жұмысында орын алған кемшіліктер туралы статистикалық мәліметтерге, дауларды шешудің баламалы әдістерін қолдану көрсеткіштерінің төмендеу себептеріне, сот отырыстарында аудио-бейнетіркеу құралдарын қолдану, сот отырыстарын уақытында бастау және осы бағыттағы жұмыстарды жақсарту мәселелеріне айрықша назар аудапрды.

Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев сотқа дейінгі тергеу барысы, кепілді қолдану, іздеу жариялау, күзетпен ұстау секілді тергеу судьяларының өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер туралы өз пікірімен бөлісті. Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев былтырғы кезеңге қарағанда биылғы есептік кезеңде сотқа  арыздың түсуін (барлығы 11 068 арыз) тұрғындардың соттарға деген сенім деңгейінің артқанын білдіретінін айтты.

 

 

Әскери соттың төрағасы Сәкен Абдолла өткен жартыжылдықта сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңесте сот төрелігінің сапасын жақсарту, судьялардың кәсіби деңгейін арттыру, судьялар әдебі нормаларының сақталуы және соттардың имиджін көтерудегі қабылданған шараларды күшейту бағытында нақты міндеттерді белгіледі.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербол Ахметжановтың ақпараты бойынша, 2017 жылдың 6 айында түскен барлық істер мен арыздар саны өткен жылдың 6 айлық кезеңімен салыстырғанда 25,9%-ға өскен. Барлық аяқталған азаматтық істер санының 80%-ы шешім шығару арқылы қаралған. «Тек 1 талап арыз ғана кері қайтарылған. Осылайша, әскери соттарда түскен арыздардың кері қайтарылуы іс жүзінде жойылды», - деді Е.Ахметжанов.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Қыдырхан Сихимбаев есептік кезеңде гарнизондардағы әскери соттарға өткен жылдың кезеңімен салыстарғанда қылмыстық істер 4,13%-ға артық түскенін айтып өтті. Сот үкімі шығарыла отырып қаралған қылмыстық істердің саны 72,3%-ға жеткен. Қылмыстық істердің 22,6%-ы іс жүргізуден қысқартылса, оның ішінде 11,6%-ы медиация тәртібінде қаралған.      

Судья Шынғыс Майшыбаев оқу орталығының жұмысы жөнінде баяндама жасап, ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар, соның ішінде судьяларға әдістемелік көмек көрсету, құқықтық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету, оқыту семинарларын ұйымдастыру мәселелеріне тоқталып өтті.

Әскери сот әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесов гарнизондардағы әскери соттардың материалдық-техникалық жағынан қамтылуы және сот ісін жүргізуге жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілу мәселелеріне тоқталып өтті. Оның ақпараты бойынша, сот отырысының 99%-ы аудио-бейне тіркеу құрылғысының қолдануымен өткізілген. Бұған қоса, әскери соттар қабылдаған барлық талап арыздың 99,3%-ы электронды нұсқада келіп түскен.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының және Әскери соттың баспасөз қызметтері