Корей Республикасы сот органдарының делегациясы Алматы қалалық сотында болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Корея делегациясы Сеул қаласының Жоғары Сотының төрағасы Сим Сан-чоль Алматы қалалық сотында болды.

Делегация құрамында Жоғарғы Сот аппаратының соттар қызметін қамтамасыз ету Бюросының төрағасы Хонг Сынг-мен, Жоғарғы Сот Аппаратының Соттар әкімшісі департаментінің директоры Пак Ван-сик, Жоғарғы Сот Аппаратының халықаралық байланыс бөлімінің бастығы Хванг Ин-сонг, сондай-ақ Корея Республикасының Бас Консулы Ким Джун кірді.

Өзінің сөзінде Сим Санг-чоль Корея мен Қазақстанның арасындағы екіжақты қатынастардың қарқынды дамуымен қатар, екі елдің сот қауымдастығының арасындағы одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдіретінін атап өтті.

Өз кезегінде Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ештай қонақтарға 100 нақты қадам Ұлт жоспарының «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» реформасын жүзеге асыру аясында отандық сот жүйесін дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды.

Атап айтқанда ол шетелдік әріптестеріне сот төрелігі жүйесіне елеулі өзгерістер орын алып, нәтижесінде бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшкенін, судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптардың күшейтілгенін, азаматтық сот өндірісінде прокурордың қатысуы қысқартылғанын, тергеу судьяларының өкілеттігі кеңейтілгенін, барлық сот отырысында аудио-бейнежазба құралдары енгізілгенін, алқабилер соты қолданылатын салаларды кеңейту туралы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының инвестициялық даулар бойынша мамандандырылған сот алқасының жұмысы туралы атап өтті.

Іс-сапар барысында Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі Б.Асанбеков «Төрелік» ақпараттық жүйесі, сот құжаттарының электрондық мұрағат қызметі, ішкі портал кадрлық жүйесі, соттардың интернет-ресурстары, Call-орталық және «Сот кабинеті» электрондық-ақпараттық қызметінің жұмысымен таныстырды.

Сонымен қатар, қонақтарға бейне байланыстың жұмысы көрсетілді.

Кездесу барысында сот әкімшілігі бойынша қазақстандық және корей мамандары бірлескен жобаларды болашақта іске асыруда тәжірибе алмасу мақсатында одан әрі екі елдің сот органдары арасындағы байланысты нығайту қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде Сеул қаласының Жоғары Сотының төрағасы қазақстандық сот төрелігі жүйесімен танысуға мүмкіндік бергені үшін қазақстандық әріптестеріне алғысын білдіріп, Корей Республикасының сот жүйесінің қызметі туралы айтып берді.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі