Алматы қалалық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің санитарлық-эпидемиологиялық заңнаманы бұзу туралы нормалары талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қалалық соты санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері мен әкімшілік соттардың судьялары үшін онлайн-семинар өткізді.

Қалалық соттың судьясы Сейілхан Ташполатов қатысушылардың назарын ӘҚБтК-нің 425-бабының 2-бөлігі бойынша істерді қарау кезінде бірыңғай сот практикасын қамтамасыз етуге және лауазымды адамдарды осы баптың 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тарту туралы қаулыларға шағымдарды талқылауға аударды.

Әкімшілік және қалалық сот судьяларымен қатар мәселені талқылауға Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қатысты.

Семинарда жұмыс беруші - кәсіпкердің не заңды тұлғаның орнына қызметкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайлары жиі кездесетіні аталып өтілді. Уәкілетті лауазымды адамдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды әрдайым уақтылы ресімдей бермейді, осыдан барып белгіленген мерзімдер бұзылады. Мұның соңы лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне немесе мамандандырылған соттың шешімдеріне шағым жасауға алып келеді.

Судьялар ӘҚБтК-нің 803-бабында көрсетілген заң бұзушылықтар бойынша уәкілетті лауазымды адамдардың хаттама жасауы кезінде орын алып жүрген нақты фактілерді келтірді. Мұның өзі дәлелдемелерді жарамсыз деп тануға әкеп соғады.

Семинарға қатысушылар берілген түсініктемелерге орай осы іс-шараның уақтылы жүзеге асырылып отырғанын атап өтті.

Қайнар: 
Алматы қалалық соты баспасөз қызметі